Жарма ауданына вокалдық-аспаптық топ мүшелері келді

23758
көрілім

Жарма ауданына «Панджшер KZ» вокальдық-аспаптық тобының мүшелері арнайы сапармен келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алдымен Ауғанстан соғысы ардагерлерінен құралған өнерпаздар тобы 47007 әскери бөлімінің жауынгерлерімен кездесу өткізіп, қауіп-қатерге толы өткен өмір жолдары туралы баяндап, қойылған сұрақтарға жауап берді.  Бұдан соң Қалбатау ауылындағы Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.


Аудан орталығындағы Абай атындағы мектеп-гимназия, Маяковский атындағы орта мектептерімен танысқан соң Жастар ресурстық орталығында мекеме, ұйымдар қызметкерлері, жастар өкілдерімен кездесу өтті. Шараға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы  Б. Қарасаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Матанов,  Ауғанстан  соғысы  ардагерлері аудандық ұйымының жетекшісі Н.Траиспаев, ауған соғысының ардагерлері қатысты. Кездесуде ардагерлер соғыс қимылдары кезеңін еске алып, топтың құрылу тарихы туралы әңгімеледі.


Мемлекеттің қорғаныс қуатының мығым болуы үшін жастардың  отансүйгіштігінің маңыздылығын, әскери борышты өтеу – әр азаматтың асыл борышы екендігін атап өтті.

- Бұдан соң орталық алаңда Қазақстан Қарулы Күштерінің 30 жылдығы аясында, жергілікті әскери басқару органдарының күніне арналған концерт ұйымдастырылды. Жергілікті әскери басқару органдарында жемісті қызмет атқарған және патриоттық тәрбие беру ісіне үлес қосқан жандарға облыстық қорғаныс істері басқармасының, аудандық бөлімнің, республикалық қоғамдық бірлестіктің марапаттары табыс етілді, - делінген мәліметте.

 

«Панджшер KZ» вокальдық-аспаптық тобының жауынгерлік әндері көпшіліктің көңілінен шықты. Аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Ақзамов топ мүшелеріне ризашылығын білдіріп, аудан басшылығы атынан Алғыс хат тапсырды.