ШҚО-ның Көкпекті ауданында марал шаруашылығы қарқынды дамуда

36527
көрілім

Марал шаруашылығы – Қазақстанның ұлттық бренді. Оның теңдессіз қасиеттерінің арқасында пантылық препараттар үлкен сұранысқа ие. Шығыс Қазақстан ежелден марал өсіру үшін құнарлы жер болып саналады. Ал ,биыл Көкпекті ауданындағы марал шаруашылығы өндірісінің көлемі артты. Өңірдің аграрлық секторындағы тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер туралы жергілікті билік өкілдері айтып берді.


Аудан әкімдігінде хабарлағандай, маралдардың саны 1295 басқа дейін өскен.
Жалпы, 1991 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде жалпы ауыл шаруашылығы өнімін шығару 2,3 есеге ұлғайып, ол көрсеткіш 20 319,4 млн.теңгені құрады. Өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі 2620,6 млн. теңгеге дейін ұлғайды. Егіс алқабы 164,2 мың га дейін артып, тек соңғы 5 жылдың ішінде аудан аграршылары 276 бірлік заманауи техника сатып алды.
Мал шаруашылығының жалпы өнімі 3 есеге өсті. Тәуелсіздік жылдары Көкпекті ауданында мал басы 8 есеге көбейді. Өнімділікті арттырудың тиімді әдістерінің бірі-суармалы жерлердің көлемін ұлғайту. Бүгінде суармалы жерлердің көлемі 5900 гектарды құрайды.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта 1,5 мың гектарға суару жүйесін құру бойынша "Елім-ай көктемі" агроөнеркәсіптік кешенінің инвестициялық жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты-жем-шөп дақылдарын суару. Құны-2 миллиард 237 миллион 725 мың теңге. 2020 жылы жоба "Агробизнес" бағдарламасы бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы қаржыландырылды. Нысанды аяқтау осы жылдың соңына белгіленген. Сондай-ақ, жыл соңына қарай Көкпекті ауданында суармалы жер көлемі 5,9 мыңнан 7,4 мың гектарға дейін артады деп күтілуде,- деп хабарлады әкімдік