Самар ауылы аудан бола ма?

31857
көрілім
Шартты фотосурет

Президент пен облыс әкімінің атына бір жылдары аудан болған Самар ауылына бұрынғы статусы қайтарылсын деген петиция түскен. Мұны egov.press сайтынан көруге болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Самарлықтар өз ауылын алда құрылатын Абай облысының құрамына қосылмаса дейді.
– 1997 жылы бұрынғы Семипалатинск облысы мен Шығыс Қазақстан облыстары біріктірілгенде Самар ауданы Көкпектіге қосылып, аудан орталығы Көкпекті ауылы болды, – делінген петиция. – Содан бері 25 жылды алсақ, біріктіріліп, аудан мәртебесінен айырылған бірқатар ауылдар келбетінен айырылды.
Құжат авторының сөзінше, егер Көкпекті ауданы Абай облысының құрамына енсе, онда самарлықтар Абай облысының орталығы, яғни Семейден біршама алыстайды. Ол жаққа жету шамамен 400 шақырымдай жол жүру керек.
– Бұрынғы Самар ауданының барша тұрғындарының жалғыз ғана тілегі – ауылымыз аудан болса екен, – делінген петицияда.