Өскеменде бұрымдылар арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды

337
көрілім

Өскеменде «Jan Ana» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қыздың бұрымы — қорғаны» атты 7-16 жас аралығындағы бойжеткен арулар арасында байқау өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шараның мақсаты сол, ұлттық сана-сезімнің өрісін кеңейту, қазақ қызының ұлттық сипатын дәріптеу және руларымыздың мәдени деңгейін арттыру. Айта кетейік, шара «Jan Ana» қоғамының инста парақшасында жүргізілді. Байқауға Тарбағатай, Үлкен Нарын, Самар аудандары және Өскемен қаласынан 8-15 жас аралығындағы 28 ару қатысты. Байқау шарты бойынша жас ерекшелігі ескеріліп, бұрымы ең ұзын тоғыз ару жүлделі орындарға ие болды.

Жүлделі орындарға ие болған аруларымыз:

♦️7-8 жас аралығы

1) Арина Ержанқызы
Бұрым ұзындығы-65 см
Өскемен қаласы ,
Ахмер ауылы

2) Айару Сәдібекова
Бұрым ұзындығы -65см
Үлкен Нарын ауданы

♦️9-10 жас аралығы
Айару Бектұрсынова
Бұрым ұзындығы-120 см
Өскемен қаласы
Меновное ауылы

2) Айару Нұрланова
Бұрым ұзындығы-100 см
Өскемен қаласы 
Меновное ауылы

♦️13- жас 
1) Айару Қуанышқызы
Бұрым ұзындығы-90 см
Тарбағатай ауданы 

♦️15-16 жас
1) Аружан Оралханова
Бұрым ұзындығы -135 см
Өскемен қаласы

2) Шынар Зиятбек
Бұрым ұзындығы -120 см
Тарбағатай ауданы.

3) Еркемай Қанатқызы 
Бұрым ұзындығы-104 см
Тарбағатай ауданы

4) Айша Социалханова
Бұрым ұзындығы -100 см 
Тарбағатай ауданы .

Марапаттау кеш облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ғимаратында өтті. Басқарма басшысы Альмира Мусинова жүлделерді табыстап, ыстық ықыласын білдірді. Аталған шараға Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит және қалалық мәнсап орталығының басшысы Камшат Баубекова қатысып , бұрымды аруларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар ақ жаулықты әжелеріміз ақ баталарын берді.
- Өз тарапымыздан барлық қатысушы бұрымды қыздарымызға шынайы алғыс білдіре отырып, ұлттық тәрбиенің бастауы  болған аруларымызға алдағы уақытта ұлтымыздың болашағына зор үлес қосарына сенімдіміз, - делінген мәліметте.